Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шықты.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
17:38 04.07.2022
Қаулы бойынша қаланың аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, қалалық кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар:
- Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №16 қаулысын іске асыруды жалғастыру,
- әрбір 6 ай сайын КВИ-ға қарсы вакцинация, ревакцинация қажеттілігі туралы халыққа белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
- вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,
- КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,
- Үй-жайларды желдете отырып, вентиляция мен ауаны баптау жүйелерін тексеруді қамтамасыз етулері тиіс.
Сондай-ақ, халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсынулары тиіс.
Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-мен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеуге және амбулаториялық бақылауға ауыстыруды,
7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қаулы 7 шілде, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram