Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шеруге шыққандарға оқ жаудырған күдікті адам ұсталды
Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде оқ жаудырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:33 05.07.2022
Жергілікті полицияның хабарлауынша, атысқа күдікті ретінде 22 жастағы Роберт Кримо III ұсталған.
Еске салсақ, Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Оқиғадан 6 адам мерт болып, 20-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Қылмыс орнынан винтовка табылды.
Соңғы уақытта АҚШ-та мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Тек өткен айдың соңындағы демалыс күндері АҚШ-та 10 өңірде жаппай атыс болды. Одан жеті адам қаза тауып, 46 адам жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram