Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарады
2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған.
14:36 05.07.2022
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданды. Онда қолжетімді және сапалы медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық, оның ішінде ауыл халқы үшін қарап-тексеру мен скринингтерді жүргізу, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтерін көрсету үшін жастар денсаулық орталықтарының қолжетімділігі жөніндегі шаралар іске асырылады», - деді А. Ғиният Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды төмендету, жарақаттанудың алдын алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75%-ға дейін қамту күтіледі», - деді Ажар Ғиният.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram