Көкшетауда 1,5 мыңға жуық ардагердің шипажайда емделу құқығы қалпына келтірілді
Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау тұрғындарына шипажай-курорттық емделу бойынша әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:31 06.07.2022
Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың құқығы шектелгені анықталды.
«Қалалық және аудандық мәслихаттар шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қарастырмай, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітті. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұқтаж адамдарға шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 1479 ардагердің құқықы қалпына келтірілді», - деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары