Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еуропада коронавирус жұқтырушылар саны күрт өсті
Францияда коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да артты.
Фото: s.yimg.com
12:16 06.07.2022
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың саны соңғы кездері күніне 200 мың адам болып отыр.
Елдегі дәріханалар тест тапсырғысы келетін адамдардың ағынына төтеп бере алмай жатыр. Қалада саны бойынша жетінші коронавирус толқыны күшейді.
Француз билігі, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде маска тағудың маңыздылығын тағы да еске салды.
Германияда да дабыл қағылды. Тест нәтижелері бойынша инфекция жұқтырғандар саны күніне 150 мыңға дейін өскен. Бұл – Ұлыбританияда тіркелген көрсеткіштен сәл төмендеу. Онда 154 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған болатын.
Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 132 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді.
Ауруға шалдығушылар санының артуы еуропалықтардың жазғы демалысы мен жоспарлаған саяхаттарына кедергі келтіріп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram