Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды
Жұма күні таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу қастандық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:13 08.07.2022
Либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы жарақат алғаны хабарланып отыр.
Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен .
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған.
Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілді.
Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол шамамен 40 жастағы ер адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram