{metadescription}
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні белгісіз біреу атып кеткен болатын.

Арада бірнеше сағат өткенде экс-премьер ауруханада көз жұмды. Бұған дейін ақпарат агенттігі либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы ауыр жарақат алғанын хабарлаған еді.

Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан.

Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілген.

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол - шамамен 40 жастағы ер адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде