Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дастан Секенов Бас әскери прокурор болып тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы Бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: gov.kz
20:03 08.07.2022
Дастан Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.
2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс жасады.
2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.
2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.
2018 жылы Президент Әкімшілігінде еңбек етіп, 2019 жылы Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.
2019-2021 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.
2021 жылғы мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
Сыныптық шені: әділет полковнигі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2015ж.).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram