{metadescription}
Air Astana ұшағы көтеріле бергенде қозғалтқышы істен шықты

Air Astana ұшағы көтеріле бергенде қозғалтқышы істен шықты

Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

«9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш істен шыққан. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған.

Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде