Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға кетті
Ақтөбенің Алға ауданы, Есет батыр ауылында қайғылы жағдай тіркелді.
Фото: prix.com
12:00 11.07.2022
Оқиға 10шілде күні сағат 16:15-те тіркелді. Облыстық ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Алға ауданы, Есет батыр ауылындағы қайғылы жағдай туралы хабарлама түсті.
«2016 жылы туған баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен кезде Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында баланың суға түскені белгілі болды. Ата-ананың қарауынсыз қалған. Тыйым салынған жерге шомылған. Нәтижесінде құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен 6 жасар баланың денесін шығарды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл Ақтөбеде үш бала суға кетті. Бұл қайғылы оқиға Ырғыз ауданында болды. Ол кезде балалар бір-бірін құтқармақ болып, судан шыға алмай қалды.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
- Алкоголь және есірткі тұтынып, мас болған күйде суға түсуге және шомылуға;
- суға қайық, катер, айлақтан секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;
- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;
- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;
- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram