{metadescription}
Батыс Қазақстанмен көршілес Ресей облыстарында коронавирус өршіп тұр

Батыс Қазақстанмен көршілес Ресей облыстарында коронавирус өршіп тұр

Батыс Қазақстанмен көршілес Ресей облыстарында коронавирус өршіп тұр.

Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен кеңесте БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.Мұстаевтың айтуынша, соңғы тәулікте Ресейде 3 398 адамнан індет анықталды. Соның ішінде БҚО-мен шектесетін Самара облысында – 55, Саратовта – 64, Орынборда – 17, Волгоградта – 29, Астрахан өңірінде 38 адамның сырқаттанғаны тіркелді. 

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері дерт жұқтырған 9 605 науқастың 5 033-і – ауру белгісі бар, 4 572-сі – симптомы жоқтар.

Соның ішінде қаңтарда – 7 098, ақпанда – 2412, наурызда – 74, мамырда – 1, маусымда 4 адамнан коронавирус табылды. 

Облыс жасыл аймақта тұрғанымен, шілде айында індеттің қайта көбейе бастағаны алаңдатады. Осы айда 15 науқастың 9-ы Орал қаласында, үшеуі Бөрлі, екеуі Жаңақала және біреуі Бәйтерек ауданында тіркелді.

«Қазіргі таңда тұрғындарды вакцинациялау жұмысы жалғасуда. Облыс бойынша 414 390 адам екпе алуға жататын болса, соның 277 315-і немесе 66,9 пайызы бірінші, 269 425-і немесе 65 пайызы екінші компонентпен егілді. 200 308 адамнан 99 271-і немесе 49,6 пайызы ревакцинациядан өтті. Қайталама ревакцинациядан 15 218 адамның 4 548-і немесе 29,9 пайызы өтті. Pfizer вакцинасымен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер егілуде. Күні бүгін 63 765 адамның 18 122-сі немесе 28,4 пайызы І, 16 582-сі немесе 26 пайызы ІІ компонентті қабылдады», - деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы су қоймасынан тырысқақ ауруының бактериясытабылғанын жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде