{metadescription}
IІМ жүйесінде кадрлық тағайындаулар болды

IІМ жүйесінде кадрлық тағайындаулар болды

ҚР Ішкі істер министрлігінің басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды зерделеді.

Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;

– ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;

– ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;

– Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;

– Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.