Ақтөбеде 300 мың гектар жер шегірткеге қарсы өңделді
Ақтөбенің аудандарында шегірткені улау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08:02 12.07.2022
Ақтөбе облысы бойынша биыл 319 990 гектарды улау жұмыстары жоспарланды. Оның ішінде Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудандары басты назарда болды. Себебі шегірткенің көп бөлігі осы үш ауданда деп болжанды.
«Италия шегіркесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемелер анықталып, өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыс бойынша 319 990 гектар жердің 300 000 гектардан астамы өңделді. Бүгінгі күні Әйтеке би ауданы итальяндық шегірткеге және Ырғыз ауданы азиялық шегірткеге қарсы химиялық өндеу жұмыстары жалғасты. Әлеуметтік желіге шыққан ақпаратқа қатысты айтар болсам, бұл Қарабұтақ елдімекеніне қарасты Қабақ жайлауы. Онда химиялық өндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір таңда егін алқаптарына зиянкестердің кіріп кетпеуі үшін бар шара қабылданып жатыр», - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекция басшысы Дастан Сағыров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!