Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында 14 күн бұрын суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылмады
Түркістан облысының құтқарушылары Төле би ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі азаматты іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:05 12.07.2022
Бүгін екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов іздестіру жұмыстарының барысымен таныстырып, әрмен қарай жалғасатынын айтты.
Айта кетейік, 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқитын Үндістан азаматтары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram