«Қазфосфат» басшылығының ұсталып, кәсіпорында тінту жүргенін жоққа шығарды
«Қазфосфат» ЖШС-ның баспасөз қызметі аталған кәсіпорын басшылығының қамауға алынғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.
21:00 12.07.2022
«Қазфосфат» ЖШС басшысы Нұрхан Нұрлановқа қатысты тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Кәсіпорында ешқандай тінту жүргізілген жоқ. Н. Нұрлановқа қатысты ешқандай орган тарапынан ұстау әрекеті болған емес. Тарап жатқан ақпарат – фейк», - деген хабар тарады аталған мекемеден.
Сондай-ақ, «Қазфосфат» ЖШС-ның баспасөз қызметі азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған мәліметтерді таратушы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жазаланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!