{metadescription}
Алакөлде ер адам демалушыларға шабуылдаған: 8 жастағы қыз зардап шекті

Алакөлде ер адам демалушыларға шабуылдаған: 8 жастағы қыз зардап шекті

Алакөлде ер адамның шабуылынан зардап шеккен 8 жастағы қызға амбулаторлық ем тағайындалды. Ол жергілікті ауруханада жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауруханаға түскен қыздың миына компьютерлік томография жасалған.

"Алакөл аудандық ауруханасына 2014 жылы туған науқасты ата-анасы әкелді. Оны дәрігер мен кезекші хирург тексерді. Миына томография жасалды. Диагноз - оң жақ маңдай аймағының жыртылуы, оң жақ маңдай-шүйке аймағының көгеруі. Амбулаторлық ем тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Қашан шығатыны әлі белгісіз.

Алакөл жағалауында белгісіз ер адам демалушыларға тас лақтырғаныхабарланған болатын. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шеккен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде