Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 10 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлаған сәбиді құтқарып қалды
Төртінші сынып оқушысы дәретхана шұңқырына түсіп кеткен 3 жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға Көкдала ықшамауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14:14 15.07.2022
Куәгердің айтуынша, оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Аулада ойнап жүрген бір топ баланың ішінен 3 жастағы бүлдіршін тереңдігі 3 метр болатын әжетханананың шұңқырына құлап кеткен.
Сол уақытта ата-аналарының көпшілігі жұмыста болған екен. Бір топ баланың ішінен тек 10 жастағы Әлихан есімді баланың ғана батылы жетіп, көзсіз ерлікке тәуекел жасаған. Ол беліне арқан байлап әжетхананың тесігінен төмен қарай түскен.
Шұңқырдың түбіне жетісімен қыздың белінен арқан байлап, оны жоғарыдағыларға қарай жіберген. Абырой болғанда екеуі де аман. Шұңқыр бетонмен шегенделгендіктен, онда жиылған улы газдан екі бүлдіршін де аман қалмасы анық еді дейді куәгерлер. Тек жылдам қимылдап, таза ауаға тез шыққандықтан денсаулықтарына аса зиян келмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram