Қытайдағы белгілі диктор Мұратбек Тесебаев дүниеден озды
Қытай қазақтарына белгілі диктор Мұратбек Тесебаев 83 жасында дүниеден озды.
16:15 15.07.2022
Бұл туралы оның 25 жыл бірге жұмыс істеген әріптес досы ақын, журналист, диктор Серік Әбілұлы хабарлады.
Қазақта диктор жайлы сөз болса, Әнуарбек Байжанбаевтың аты қашанда бірінші болып еске түсетіні белгілі. Өйткені Әнуарбек Нығметжанұлы таңғажайып дауысымен халқының санасында мәңгілікке сақталып қалды. Сол атақты дикторды өзіне кәсіби де, рухани да ұстаз тұтқан, дауысымен талайды тамсандырып, аға жолын қуған Мұратбек Тесебайұлы да біртуар дара талант иесі еді. Салиқалы еңбек жолының 58 жылын радиоға арнаған, эфирден толығымен 50 роман оқыған ардагер журналист, диктор Мұратбек Тесебаев - шетелдегі қазақ журналистикасының дамуына елеулі еңбек сіңірген айтулы тұлға.
Мұратбек Тесебайұлы 1939 жылы 15 желтоқсанда Қытайдың Алтай аймағы Жеменей ауданында дүниеге келген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!