{metadescription}
Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді

Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді

Тас қалаушы салынып жатқан ғимараттың екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 14 шілдеде сағат 09.00-де Луначарский көшесінде салынып жатқан көпқабатты үйдің аумағында болған. Тас қалаушы кранмен жеткізіліп жатқан кірпіштермен соғылысып, екінші қабаттан құлап кеткен. Ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасында мәлім еткендей, зардап шеккен жұмысшы 1957 жылы туған. Сүйектері сынып, кеуде қуысының жабық жарақатын алып, оң жақ өкпесін зақымдаған. Ауруханада жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.