{metadescription}
Юлия Путинцева Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты

Юлия Путинцева Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Осы жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 97-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласына дес бермеді – 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Л. Цуренко матчты жалғастырудан бас тартты.

Ю. Путинцева соның өзінде 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Юлия финалға шығу үшін әлемнің 105-ракеткасы, сербиялық Александра Круничпен таласады. Ол рейтингіде 102-сатыдағы қытайлық Сю Ванды ойсырата ұтты – 6:0, 6:1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Будапешт турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төреші «Үлкен дулыға» турниріне қазылық етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде