Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда жол апатынан 2 адам мерт болды
Қарағанды облысының Абай қаласы маңында микроавтобус жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, жеңіл көлікпен және жүк көлігімен соқтығысты.
19:38 15.07.2022
Қайғылы оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды.
Полицейлердің мәлімдеуінше, 39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шғып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis автокөлігінің 10 жастағы жолаушысы оқиға орынында мерт болды. Mercedes-Benz Sprinte және Toyota Avensis автокөліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы болған жолдың бөлігі уақытша жабылды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram