Қазақстан сейсмологтары Қытай мен Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Фото: wradio.com.co
08:47 27.07.2022
Жер сілкінісі 27 шілде күні Алматы уақытымен 02 сағат 37 минут 29 секундта Ауғанстан аумағында және 03 сағат 28 минут 14 секундта Қытай аумағында тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 799 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
«Энергетикалық санаты – 13.0. MPV тербелісі – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. Эпицентрінің координаттары - 37.39° с.е. 71.37° ш.б. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Екінші жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Энергетикалық санаты – 9.7. MPV тербелісі – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. Эпицентрінің координаттары 42.03° с.е. 82.19° ш.б. Мұның да жерасты дүмпуі сезілген жоқ», - деп жазды ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!