Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:28 31.07.2022
Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.
Қазақстандық балуан 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллимен күш сынасты. Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Енді ол 31 шілдеде финалда венгриялық Муса Ашрункаевпен тартысқа түседі.
Финалдық ойындар елорда уақытымен 21:00-де басталады.
Сондай-ақ. ел құрамасынан Нұрданат Айтанов (51 келі)сол күні қола жүлдеге таласады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram