{metadescription}
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, 6 адам көз жұмды.

Оқиға 30-шілде күні сағат 23.30-да Самара-Шымкент тасжолында болды. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы, деп жазады ҚазАқпарат.

«Хонда-Фит» маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы болды. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, «Хонда-Фит» автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ «Хонда-Фит» автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде