Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дәурен Елеусінов Нью-Йорктегі бокс кешінде жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) өткен кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:30 01.08.2022
ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Елеусінов жергілікті боксшы – жеңіліп көрмеген америкалық Джуниор Юнанмен (16-0-1, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Супер орта салмақтағы айқас он раундқа есептелді. Оның нәтижесі бойынша Юнан бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Джуниор Юнан кәсіби мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Дәурен Елеусінов екінші рет жеңіліске ұшырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram