Оралда жасөспірім ойын алаңында екі саусағынан айырылды
Оралда әткеншекте ойнап жүрген 13 жасар бала екі саусағынан айырылды.
Фото: mgorod.kz
19:18 01.08.2022
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 шілде күні шамамен сағат 21.10-да болды.
«2009 жылғы бала Х.Доспанова көшесі 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажер жабдығында ойнап жүріп, жарақат алған. Салдарынан қолының бірнеше саусағын кесіп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, баланың бір саусағы сол жерде кесіліп қалған. Терісіне ілініп тұрған екіншісін ауруханада алынды. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!