Аптап ыстық, найзағай, жел - 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 2 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жраиялады.
08:40 02.08.2022
Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді.
Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!