Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды
Румыния астанасы Бухарест қаласына өткен халықаралық турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы табысты оралды.
Фото: olympic.kz
15:02 02.08.2022
Халықаралық турнирде қазақстандық балуандар 11 медаль жеңіп алды.
Ел құрамасынан Данияр Қайсанов (74 келі) және Әділет Дәулімбаев (92 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді. Күміс медальға Абзал Өкенов (57 келі), Жігер Зәкіров (79 келі), Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) қол жеткізді.
Ал Дәулет Ергеш (79 келі), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 келі), Ислямбек Ислямов (86 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі), Серік Бақытханов (92 келі), Олег Болтин (125 келі) қола жүлдеге қол созды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Камил Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық балуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесті. Нәтижесінде қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram