{metadescription}
Ақтөбеде жеке жағажайда 17 жастағы жігіт суға кетті

Ақтөбеде жеке жағажайда 17 жастағы жігіт суға кетті

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында 17 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесін құтқарушылар жағаға шығарды.

Оқиға 1 тамыз күні сағат 17:30-да болды. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік бөліміне «Ақкемер» жеке жағажайында жігіттің суға кеткені туралы хабарлама түсті.

«Елек өзеніне 17 жастағы жігіт батып кетті. Құтқарушылар оның денесін үш метр тереңдіктен тауып алды. Сонымен бірге жеке жағажай құтқарушылары 18 жастағы жігітті құтқарған. Облыстық ТЖД суға түсу ережесін қатаң сақтауға тағы да шақырады», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік жыл басына бері облыста 20 адам суға кетті. Оның 9-ы бала.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде