{metadescription}
ШҚО-да қала, ауыл арасында қатынайтын 120 жаңа автобус сатып алынады

ШҚО-да қала, ауыл арасында қатынайтын 120 жаңа автобус сатып алынады

Шығыс Қазақстан облысында қала, ауыл арасында қатынайтын 120 жаңа автобус сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша автобустар 318 елді мекеннің арасында қатынайды. 

Оның ішінде 184 бағыт әлеуметтік маңызы бар деп танылған. 

«Тұрғындар арасынан тасымалдау сапасына қатысты түсіп жататын шағымдар аз емес. Облыс бойынша бөлінген субсидиялардың арқасында автопаркті кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 30 жаңа автобус сатып алынған», - дейді басқарма басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева. 

Оның айтуынша, жыл соңына дейін бірден желіге шығатын тағы 55 автобус сатып алу жоспарланып отыр. 

Жалпы 2023 жылға дейін барлығы 120 қоғамдық көлік алынбақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде