Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Газ жобаларына қатысты жаңа модельдік тетіктер енгізіледі - министрлік
Елімізде газ жобаларына арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігі енгізіледі.
Фото: ortcom.kz
13:40 03.08.2022
Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
«Мемлекет басшысы газ өндіру жөніндегі жаңа жобалар үшін фискалдық преференцияларды пысықтауды тапсырды. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалануға, оның ішінде газ жобаларына арналған жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасы әзірленді. Мәселен, салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, газ жобалары үшін газға ынталандыру бағасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Заңнамаға тиісті түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады.
«Бұл іс-шаралар шамамен 93,6 млрд текшеметр көлемінде газдың жиынтық қоры бар газ кен орындарын игеруді және 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр көлемінде тауарлық газды қосымша өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Болат Ақшолақов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram