Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жайық өзеніне ағайынды екі адам батып кетті
Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі адам Жайық өзеніне батып кетті.
14:42 03.08.2022
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.
«Сағат 16.30-да жабдықталмаған және тыйым салынған жерден түсіп, шомылған 35 жастағы ер адам мен 7 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен. Жедел құтқару жасағы келгенге дейін ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Құтқарушылар (8 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы) жасөспірімнің денесін іздестіріп жатыр. Марқұмдар бір-біріне туыс, 1987 жылғы ер адам ағасының баласын құтқарамын деп суға кеткен. Осымен өңірде 15 адам суға кетсе, соның алтауы – балалар», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram