Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алдағы күндері жаңбыр жауып, күн суытады
Синоптиктер 4-6 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды.
15:21 03.08.2022
«Солтүстік антициклонның сілемі қазірдің өзінде республиканың солтүстік жартысында басым, сондықтан алдағы күндері солтүстік облыстарда негізінен құрғақ және ашық ауа райы сақталып, түнде салқын болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктер біртіндеп оңтүстікке ауысып, республиканың орталық, шығыс және оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді. Фронттар таулы аймақтарға жақындаған сайын бұл аймақтарда қатты жаңбыр жауады.
Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста +28+34°С, оңтүстік-батыста +30+38°С, солтүстік-батыста +25+33°С, солтүстік пен шығыста +22+28°С болады. Орталықта +20+25, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +28+35°C, тауға жақын жерде +22°C шамасында сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram