{metadescription}
Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Іле ауданындағы «Еңбек-Құйған» теміржол өткелінде жүк пойызы мен «Аudi 100» көлігі соқтығысты.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні болған.

Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды.

«Жеңіл көлік пен пойыз соқтығысынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылы туған науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Өкінішке қарай, науқас 3 тамыз күні таңғы сағат 08:40-қайтыс болды. 1990 жылы туған екінші науқасқа жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының зақымдануы деген диагноз қойылды. Жағдайы орташа ауырлықта, динамикасы тұрақты. Үшінші науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде