Шымкентте 2 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
Дәрігерлер қалалық балалар ауруханасына жеткізілген сәбидің жағдайы ауыр екенін айтады.
19:14 03.08.2022
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін түскі екілер шамасында «Тұран» шағын ауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалған. Қазір ол ауруханада жатыр.
«Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4 рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Өткен жылы осындай есепті мерзім ішінде 7 оқиға болған еді», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары