Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Полиция көлігі соққан алматылық әйел көз жұмды
Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, салдарынан 49 жастағы алматылық оқиға орнында көз жұмды.
12:21 04.08.2022
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған.
«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке орай, әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram