Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда «Tartyl Fest» спорт фестивалі өтті
Жарыс- бұқаралық спортты дамытып, жастарды дене шынықтыруға баулу мақсатында ұйымдастырылды.
Фото: tumba.kz
14:18 04.08.2022
9 санат бойынша 500-ге жуық адам турникке тартылып, күштерін сынады Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен қала маңындағы ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылардың бірі белтемірде 45 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі көрсеткіш-41 болатын.
«Бұқаралық спортты қолдау үшін, турникке тартылуды бастадық. Қазір енді 11 қала қалды. Алдында біз енді ойлағанбыз турникке адам аз қатысатын шығар деп жоқ әр қалада қатысушылар өте көп. Біздің мақсатымыз жарыс ұйымдастыру емес, мереке жасау және де орта қалыптастыру», - деді «Дара» қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев.
Фестиваль қорытындысында 27 жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, оларға күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама берілді.
«1 ай бұрын естігем тартыл фест болатынын. Соған дайындалатын уақыт аздау болып қалды өкінішке қарай, өз деңгейімнен аз тартылып қалдым. Атмосфера күшті, барлығы керемет болып жатыр. Жеркіншектерге, жасөспірімдерге жақсы мотивация деп ойлаймын», - деді Талғат сазанбаев түпқараған ауданының тұрғыны.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram