{metadescription}
Аралда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Аралда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Қызылорда облысы Арал ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

Оқиға 8 тамызда сағат 18:45 шамасында болған. Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында екі автокөлік соқтығысқан.

«Тексеру барысында «ГАЗель» жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВМW маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан ВMW автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші аудандық ауруханада қайтыс болды», - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде