{metadescription}
«Омикрон» штамының жаңа нұсқасы табылды

«Омикрон» штамының жаңа нұсқасы табылды

Коронавирустың «Омикрон» штамының ВА-2,75 жаңа нұсқасы үндінің Дели тұрғындарынан алынған 90 сынақтан тұратын тестілік биоматериалдың партиясынан табылды.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша , жаңа штамм «омикронның» алдыңғы нұсқаларына қарағанда вирулентті (ауру тудыруға көбірек қабілетті). Ол вакцинация кезінде немесе аурудан кейін алынған ковидке антиденелері бар адамдардың ағзаларына белсенді енеді.

ВА-2,75 нұсқасы бұрын әлемнің көптеген елдерінде табылған. Бұл нұсқада аурудың ағымы «омикрон» штамының ең көп таралған ВА нұсқасынан гөрі ауыр емес деп саналады. Дегенмен, ВА нұсқасы сияқты, қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратын адамдарда сырқаттың ағымы ауыр өтуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.