{metadescription}
Ел тұрғындары өз еркімен 1,3 мың қару тапсырды

Ел тұрғындары өз еркімен 1,3 мың қару тапсырды

Еліміздің бірқатар өңірінде ел тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар өткізеді. Биыл аталған акция 25 сәуірде басталды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88,7 млн теңге бөлінді», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. 

Оның дерегінше, іс-шара қорытындысына сәйкес ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат жүгінді. Олар 1,3 мың атыс қаруын, 9 мыңнан астам ойық қару патрондарын өз еркімен тапсырды. 

«Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау облыстарында аяқталды. ІІМ халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шараларды 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқанын атап өту қажет. Осы кезеңде азаматтар өз еркімен жалпы 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам ойық қару патрондарын тапсырған», - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде