ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала табылды
Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі/Telegram
18:45 15.08.2022
Белгілі болғандай, бала шұңқырға құлап кетіп, шыға алмай қалғаң. Оны полиция қызметкері Тілек Ерлібеков тапты.
"Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі", - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы бала жоғалып кеткені хабарланған болатын.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!