Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Колледж директорлары мектеп мұғалімдерінен төмен жалақы алады
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледж директорларының төмен жалақы алатынын сынға алды.
21:00 15.08.2022
Оның айтуынша, колледж директорлары мектеп мұғалімдерінен төмен еңбекақы алады.
«Сондықтан бұл жерде өте маңызды өзгерістер қажет. Министрліктің де өз ұстанымы бар – біз тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі оқу жылында бұл міндетті толық шешу үшін бар күшімізді саламыз», - деді министр елордада өткен тамыз конференциясының «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясында.
А. Аймағамбетов атқарылған жұмыс нәтижелерін атап өтті. Қазіргі уақытта колледж педагогтері санатын көтергені үшін қосымша ақы ала алады. Бұрын бұл аттестаттаудан өту үшін жасалатын.
Сондай-ақ 180 колледж қайта жабдықталды, колледждерде өздерінің білім беру бағдарламаларын нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына өзгерту мүмкіндігі пайда болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram