{metadescription}
Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына енді
Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды.
Фото: primeminister.kz
14:51 20.08.2022
Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланды.
«Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді» делінген мәліметте.
Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!