Ақтөбе облысында мотоциклші жол апатынан қаза тапты
Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
16:07 20.08.2022
Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған азамат мемлекеттік нөмірі жоқ LT-200 мотоциклімен түнде Хромтау ауданы, Тасөткел ауылы бағытында дала жолымен кетіп бара жатқанда, тізгінге ие бола алмай, мотоцикл оң жағына аударылып кеткен.
Оқиға салдарынан ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетерлігі, жас баланың жүргізуші куәлігі болмаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер ата-анасымен байланысқа шықты. Кәмелетке толмаған балаға көлік пен мотоцикл жүргізуге рұқсат беру арқылы олар баланың өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!