Алматыда «бомбаға» байланысты екі ауруханадан науқастар эвакуацияланды
Алматыда жарылғыш зат туралы мәліметке байланысты № 4 аурухана мен жедел көмек көрсету ауруханасынан науқастар мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
11:47 22.08.2022
Екі медициналық мекеме аумағында саперлердің жұмылдырылуымен тексеру және іздестіру шаралары жүргізілді.
«Медицина қызметкерлері мен науқастар эвакуацияланды. Кешенді тексеру және іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижиесінде екі ауруханадан да жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат жалған болып шықты», - дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!