Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көшеде машинасын түтіндетіп TikTok-қа салған түркістандықтар жазаланды
Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде бағдаршамда көлік жылдамдығын арттырып, түтіндеткендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:14 22.08.2022
Полиция жолдағы оқиғаны TikTok-тан көрген. Онда жолда қатар тұрған екі көлік бірден жылдамдықты арттырып, орнынан түтіндетіп қозғалған. Содан тәртіп сақшылары бейнежазбаны Сайрам ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы көшесіндегі бағдаршамның бойында түсірілгенін анықтаған.
«Авариялық жағдай туғызған көлік жүргізушілеріне қатысты хаттама толтырылды. Екі көлікте айыптұраққа қойылды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram