{metadescription}
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналы хабарлайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Осыған дейін Ресейдің Ульяновск облысының Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған апттың салдарынан мерт болғана немесе зардап шеккен қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Қырғызстан Президенті 23 тамызды Аза тұту күні деп жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде