Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты тексеріс басталды
Әлеуметтік желіле асыранды балаларды ұрып соққан қамқоршыға қатысты видео тарады.
Фото: Inform.kz сайтынан алынды
13:21 31.08.2022
Бұл жайтқа Алматы облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір балалар Іле ауданының Түймебаев ауылындағы «Солнышко» балалар үйіне орналастырылды. Балалардың тұрақты мекен-жайы анықталғанша, сол жерде болады. Балаларға қатігездік жасалған іс бойынша материал Іле ауданының прокуратурасына, кәмелетке толмаған балалардың құқығы бойынша комиссияға жолданды», - делінген Алматы облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде балаларды белгісіз әйел мен ер адамның қатыгездік көрсетіп жатқан видеосы тараған болатын. Анықталғандай, балаларды ұрып-соққан адам ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың асыраушысы екені анықталды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған отбасы 4 баланы қамқорлығына алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram