Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада алдағы 3-5 жылда бірнеше көше бойындағы үйлер сүріледі
Алдағы 3-5 жылда астананың Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелеріндегі үйлер сүріледі.
Фото: facebook.com/altay.kulginov.3
16:28 31.08.2022
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Байқоңыр ауданының Күлтегін көшесінде жоғары вольтты электр беру желісі орналасқан. Бұл проблеманың шешілмей келе жатқанына 26 жыл болды. Аудан тұрғындарымен кездестік. Үйлер кезең-кезеңімен бұзылатын болады. Ең алдымен электр беру желісі жанында орналасқан Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшелеріндегі үйлерге баса мән беріледі. Осыған ұқсас жұмыс алдағы уақытта іргелес аумақта да жүргізіледі. Алайда бұл бір күндік немесе бір жылдық жұмыс емес. Орташа есеппен алғанда жоба 3 жылдан 5 жылға дейін созылады», - деді елорда әкімі.
Алтай Көлгіновтың мәліметінше, бірінші кезекте жол және инженерлік желілер салынуы тиіс учаскелердегі үйлер сүріледі.
«Былтыр электр беру желісін шығару бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды қолға алдық, қазір ол сараптамадан өтіп жатыр. Ал биыл күзде ауқымды жобаны іске асыруға кірісеміз. Бірінші кезекте, жолдардың және инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған учаскелердегі үйлер, сол сияқты электр беру желісі астындағы үйлер бұзылады. Бұған қоса бұзылатын үйлердің құнын белгілеу, оларды сатып алу және бұзу жұмыстары жүргізіледі.
Асан қайғы көшесінде қосымша электр қуаты қосылғаннан кейін Күлтегін көшесіндегі электр желісі демонтаждалады. Бас жоспарда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірледік. Жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешені, қоғамдық кеңістіктер бой көтереді.
Осылайша, биылдан бастап Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария және т.б. көшелердегі үйлерді кезең-кезеңімен бұзуды бастаймыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.
Бас шаһардың әкімі Асан қайғы көшесінің бойында 200-ден астам үй орналасқанын атап өтті. Жоспар бойынша мұнда, яғни Уәлиханов көшесіне параллель сегіз жолақты жол салу қарастырылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram