Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мектеп оқушыларына сабақта ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды
Биылғы оқу жылынан бастап ресейлік мектеп оқушыларына сабақта ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады.
Фото: media.rbcdn.ru
21:00 31.08.2022
Бұл туралы Бүкілресейлік IX ата-аналар жиналысында РФ Білім министрі Сергей Кравцов мәлімдеді.
«Жаңа санитарлық ережелерге сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын баса айтамын. Сабақта оқушылар ұялы телефонға емес, сабаққа назар аударуы тиіс», - деді министр онлайн-конференция барысында.
«Ал егер қандай да бір төтенше жағдай болса, есіңізде болсын, біз де сабақ оқығанбыз. Бізде ұялы телефон болған жоқ. Мектепте жауапты адам бар, төтенше жағдайда ол ата-аналарға міндетті түрде телефон соғып, айтады. Мұғалім, сынып жетекшісі бар, үзіліс кезінде мектеп оқушыларымен сөйлесуге болады. Бірақ сабақта санитарлық ережелерге сәйкес ұялы телефон пайдалануға болмайды», - деп атап өтті С.Кравцов.
Ол сондай-ақ ұялы телефон пайдалану балалардың денсаулығына кері әсер ететінін, мұны ата-аналар мен мұғалімдер де ескеруі қажет екенін айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram